Ссылки доступа

Қырғыз белсендісі Әділет Балтабай бостандыққа шықты


Қырғызстан Жоғарғы соты 19 сәуірде азаматтық белсенді Әділет Балтадайды №27 колониядан босату жөнінде шешім қабылдады. Бұл туралы белсендінің адвокаты Еркін Саданбеков фейсбуктегі парағында жазды.

Мәліметтерге қарағанда, Жоғарғы соты қалалық соттың Балтабайды колонияда ұстау жөніндегі үкімінің күшін жойған, бірақ 1-май аудандық сотының үш жыл бақылауда ұстау жөніндегі шешімін өзгеріссіз қалдырған.

2022 жылғы маусымның аяғында әлеуметтік желілерде Әділет Балтабай атымен танылған Әділет Әли Мықтыбекті милицияға шақыртқан. Бұның алдында ол Қырғызстандағы түрлі акциялар мен саяси оқиғалар жөнінде жазып жүрген. Милициядағылар блогерді "жаппай тәртіпсіздік" бабы негізінде қозғалған қылмыстық іс аясында әңгімеге шақырғанын айтқан. Сол күні белсенді ұсталғаны мәлім болды. Тағылған айыптарды сөз еркіндігіне жасалған қысымға жатқызған белсенді кінәлі емес екенін мәлімдеген.

2022 жылғы қарашада 1-май аудандық соты белсенді Балтабайды жаппай тәртіпсіздікке үндеді деген айыппен бес жылға соттады, алайда ол 3 жыл бақылау орнатылуына байланысты босатылды.

Дегенмен 2023 жылғы қаңтардың ортасында Бішкек қалалық соты 1-май аудандық сотының шешімін өзгертіп, Балтабайды бес жылға колонияға жіберді.

XS
SM
MD
LG