16 жастағы жасөспірім 30 наурызда Навобод ауылында ұрлық ісі бойынша тергеуге алынған.
Озоди радиосының хабарлауынша, Рашт аудандық прокуратурасы ауылдағы ұрлық фактісі бойынша бірқатар милиция қызметкерлерінің тергеу кезіндегі әрекеттерін тексеріп жатыр.
"Милиция қызметкерлерін тергеу төрт күнге созылды. Тергеу жалғасып жатыр. Оларға әзірге іс қозғалған жоқ", - деді прокуратура өкілі.
"Милиция қызметкерлері базарда болған ұрлықты ұлымның мойнына артпақшы болған. Олар тергеу кезінде ұлыма мойныңа алмасаң, зорлаймыз деп қорқытқан", - деді жеткіншектің әкесі.
29 наурызда Рашт ауданындағы сауда орындарының бірінде 550 доллардың азық-түлігі ұрланған.