Мәселен Вахш ауданында билік жаңа әдіске көшкен. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілдері "+" немесе "-" белгілері жазылған қағаздармен жере тартады. "+" алған адам әскерге барады, "-" жазылған қағазды ашқан адам үйде қалады.
Жере тарту рәсіміне әскер жасына жеткен жасөспірімнің ата-анасы міндетті түрде қатысады. Мұндай әдіс Тәжікстанның басқа да өңірлерінде қолданылып жүр. Ресейде жұмыс істеп жүрген баланың ата-анасы "+" тартса, ұлын елге қайтарып, оны әскерге жіберуі тиіс.
Саяси белсенді Рамазан Хусейниённің айтуынша, Исфарада жергілікті билік жарық сөндіру әдісін жиі қолданады. "Әскерге жарамды баласы бар үйдің жарығын сөндіреді. Рамазан айында мешіттерді жауып тастайды. Мемлекеттік мекемелерде тұрғындар сұратқан құжатты бермей қояды. Оны алу үшін ата-аналар баласын Ресейден қайтаруы керек. Жастар әскерге барудан қашпайды, бірақ мұндай қызметті өтеушілерге жағдай жасалғанын қалайды", - дейді саяси белсенді.
Адам құқықтарын қорғаушылар жеребе тарту, ата-анаға қысым көрсету жастарды әскерге тартудың тиімсіз әдісі деп есептейді. Әскерде жағдайдың жоқтығы, сарбаздарға әлемжеттік көрсету, борышын өтеуге барғандардың жиі өлуі секілді жайттарды жастардың тәжік армиясына бармау себебіне жатқызуға болады. Тәжікстан үкіметінің мәліметінше, 2019-2021 жылдар аралығында армияда 100-ден аса сарбаз өлген.