Ұйымның төрағасы болып белсенді Дурсолтан Таганова сайланды.
Ол жиында түркімен мигранттары Түркіменстан билігінің әрекетсіздігінен шаршағанын, өздері құқық қорғау ұйымын құрып, азаматтарын қорғауға үйренетін кез туғанын жеткізді.
Түркияға жұмыс істеуге баратын түркіменстандықтар шетелде әртүрлі проблемаға тап болатынын, бірақ билік оларды қорғауға қауқарсыз екенін айтады белсенділер.
Түркияның миграция қызметінің мәліметінше, қазір бұл елде шамамен 222 090 түркімен азаматы бар. Бірақ заңсыз жүрген мигранттар саны көп.