CIVICUS Monitor жылдық есебінде Тәжікстанды Түркіменстан, Қытай, Сирия және Африка мен Азияның бірқатар елдері қатарына қосқан. Зерттеу авторлары былтыр Таулы-Бадахшанда митингке шыққан халықты күшпен басқаны үшін Тәжікстанды жабық елдер қатарына енгізгенін жазған.
Есепте Тәжікстан халқын сөз бостандығын, өздерінің құқықтарын жүзеге асыра алмайтын қорқыныш атмосферасы билеп тұр деп атап өткен.
Былтыр Тәжікстанда бірнеше журналист пен блогер ұсталып, олар әртүрлі ұзақ мерзімге сотталды. Жыл басынан бері де бірнеше блогерге қарсы айып тағылды. Олардың бәріне экстремизм және билікті күшпен тартып алмақ болды деген айыптар тағылды.