Олар әйелдердің жасын, қоғамға сіңірген еңбегін және тұрақты жұмыстары барын ескеріп, саясаткерлер Клара Сооронкулованы, Рита Карасартованы, Гүлнара Журабаеваны, Асия Сасыкбаеваны үй қамаққа босатуды сұрады.
"Кемпірабад ісі" бойынша қамаудағылардың бөгет шарасы ақпан айының ортасында қаралып, оларды қамау мерзімі 20 сәуірге дейін ұзартылған. Әзірге үй қамаққа шыққандар: Орозайым Нарматова, Перизат Суранова, Нурлан Асанбеков, Талантбек Эшалиев. Ал Равшан Жээбеков пен Клара Сооронкулова ауруханада жатыр.
Былтыр 23-28 қазанда Қырғызстанда Кемпірабад су қоймасының Өзбекстанға берілуіне қарсы болып, акция ұйымдастырған бір топ адамды билік жаппай ұстап, қамауға алған.