Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитет өкілдері елде кәсіпкерліктің кенжелеп қалуын "қаржы сауатының жоқтығымен" түсіндірген.
Шенеуніктер биыл кәсіпкерлер мен инвесторларға көп жеңілдік жасағанын, тексерулер 27-ден 23-ке дейін азайғанын алға тартып отыр.
Кәсіпкерлер болса төрт тексерудің жойылуынан жағдай жеңілдей қомағанын, өйткені "заң үнемі сақтала бермейтінін" айтады.
Куляб қаласындағы кәсіпкер Исмаил Идрисов 15 жылдан соң қыш зауытын жабуға мәжбүр болған. Оның айтуынша, жергілікті билік кәсіпкерге ондаған мың сомони қарыз. Қаланың қаржы департаменті оның сөзін жоққа шығарып отыр. Кәсібі тоқтап қалғанына қарамастан Идрисов банктен алған несиесін ай сайын төлеуге мәжбүр.
"Кулябтың бұрынғы басшысы Бахром Иноятзода кезінде қала қақпаларын жөндедік. Бірақ бізге ақша төлемеді. Прокуратураға шағымдандық. Шенеунікті қамады, бірақ ақша мәселесі сол күйі шешілмей қалды", - дейді Идрисов.
Тәжікстанда 340 мыңнан астам адам кәсіппен шұғылданады. Исмаил Идрисов секілді жүздеген адам түрлі қиыншылыққа кезігіп, кәсібін жабуға мәжбүр болған.