Өзбекстан президенті 20 ақпанда екі күндік сапармен Египетке барып, осы елдегі ең ірі компаниялар басшыларымен кездесті.
Президент баспасөз қызметінің хабарлауынша, жүздесуге халықаралық әріптестік министрі Рания әл-Машат, сауда палатасы федерациясының президенті Ибрагим Махмуд әл-Араби, сонымен бірге Elsewedy Electric, El Araby Group, Orascom Construction, Poliserve Group, Al-Rowad, Lotus Garments Group секілді ірі компаниялардың басшылары қатысты.
Кездесу барысында Мирзияев осының алдында ұйымдастырылған өзбек-египет бизнес-форумында 1,6 миллиард доллардың 20-дан аса келісім-шартына қол қойылғанын айтты.
Бұған қоса, Мирзияев египет компанияларын энергетика, электротехника, химия, тау-кен, мақта-мата, ауыл шаруашылығы, фармацевтика және тері илеу салаларына инвестиция салуға шақырды.
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев пен Египет басшысы Әбделфаттах ас-Сиси 21 ақпанда Каирде кездесті. Мемлекет басшысының баспасөз қызметінің хабарлауынша, олар әріптестікті арттыру мәселелерін талқылаған.