Оның сөзінше, 2022 жылы екі елдің қарым-қатынасындағы ең ауыр кезең болған.
"Тәжікстанмен өзара қарым-қатынас айтарлықтай күрделі болды: қыркүйектегі агрессия, одан кейін жабық есік жағдайындағы келіссөздер. Қазір жағдай біршама оңалып жатыр. Өзара түсінік бар. Бізге шекара мәселесін түпкілікті аяқтау керек", - деді Кулубаев.
Екі ел арасындағы шекара қашықтығы - 972 шақырым, оның 682 шақырымы анықталған, қалған 290 шақырымы даулы күйінде қалып отыр. Осы даулы аймақта тұратын екі елдің тұрғындары жер, суға таласып, жиі қақтығысып қалады.
14-17 қыркүйекте даулы аймақта қарулы қақтығыс болды.
Былтыр желтоқсан айында қырғыз президенті Садыр Жапаров Баткен облысына барған сапары кезінде 2023 жылдың жазына қарай шекара дауын түпкілікті шешеміз деп мәлімдеген.