"АҚШ елшілігі Құрама Штаттар аумағына заңсыз кіруге талпынған азаматтар қылмыстық әрекеттің, қаржы алаяқтарының, адам саудалаушылардың құрбаны болуы мүмкін екенін ескертеді. Құрама Штаттарға заңсыз өту ешқашан қауіпсіз болған емес", - деп хабарлады Ташкенттегі елшілік.
АҚШ елшілігі мигранттарға елге кірудің заң аясындағы әдістерін таңдауға, сол арқылы өз өміріне қауіп төндірмеуге кеңес берді.