Ссылки доступа

Мұсылмандар оразаға дайындалып жатыр: 2 сәуірде Рамазан айы басталады


Мәселен, 31 наурызда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев "Қасиетті Рамазан айын жақсы өткізу туралы" жарлық шығарды.

Құжатта "Өзбекстан мұсылмандар басқармасының Қасиетті Рамазан айы 2022 жылы 2 сәуірде басталатыны туралы мәліметін назарға алу" қажеттігі айтылған.

Қарақалпақстанның министрлер кеңесіне, Ташкент қаласы мен облыстардың әкімдіктеріне Рамазан айын ұлттық дәстүр мен құндылықтарға сай өткізу жүктелді.

Мәліметтерге қарағанда, Үлемдер кеңесі ислам дереккөздері мен астрономиялық мәліметтер негізінде Рамазанның алғашқы күні 2022 жылы 2 сәуірге сәйкес келеді деп шешкен.

Мұсылмандар 30 күн ораза тұтады. Ораза 2 мамырда аяқталады. Сол күні Ораза айт басталады. Мұсылмандар бір ай бойы күндіз астан, әсіре ойын-сауықтан, ішімдіктен, балағат сөздерден бас тартады.

Жыл сайын мүфтият Рамазан айындағы пітір-садақа мөлшерін белгілейді. Ол астықтың, ұнның, кептірілген жүзімнің 1,6 келісіне немесе арпаның 3,2 келісіне, болмаса соның құнына теңестіріледі.

XS
SM
MD
LG