Ссылки доступа

Ресейлік әуе компаниялар Өзбекстанға ұшуды уақытша тоқтатты


Ресейдің Smartavia мен iFly әуе компаниялары Өзбекстанға ұшуды уақытша тоқтатты. Бұл туралы өзбек авиациясы аталған компанияларға сілтеме жасай отырып хабарлады.

Өзбекстан авиациясының ресми Smartavia компаниясынан алған ресми мәліметі бойынша, 7 наурызға жоспарланған Мәскеу – Үргеніш – Мәскеу рейсі ұшпайды.

Ресейдің iFly компаниясы да Өзбекстан қалаларына ұшуды уақытша тоқтатқанын хабарлады. 5 наурыздан бастап компания осы елге жасалатын рейстердің бәрін тоқтатып қойды.

Бұның алдында "Аэрофлот", "Россия", "Аврора" және S7 әуе компаниялары Өзбекстанға ұшпайтынын жариялаған.

Ресей Украинаға басып кірген соң батыс елдері Мәскеуге қарсы санкция салды. ЕО, АҚШ және басқа да елдер ресейлік әуе тасымалдаушылары үшін әуе кеңістігін жапты.

ЕО ресейлік әуе компанияларға ұшақтар мен олардың бөлшектерін сатуға тыйым салды.

XS
SM
MD
LG