Астана әуежайы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан азаматтарын Украинадан алып келуге жіберілген үшінші борт Польшаның Катовице қаласынан Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 21:55-те ұшып шыққан. Нұр-Сұлтанға түнгі сағат 3-терде қонған.
Қазақстан сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, осы рейсте Қырғызстанның екі азаматы болған.
Қазақстан Ресей әскері басып кіргеннен кейін Украинада қалған азаматтарын елге эвакуациялауды жалғастырып жатыр.
Алғашқы эвакуациялық рейс 28 ақпанда кешке Алматы әуежайына қонған. Онда Қазақстанның 175 азаматы болды. 124 адам мінген екінші борт Нұр-Сұлтанға 1 наурыз кешке ұшып келді.
Қазақстанға жету үшін қазақстандықтар Киевтен елдің батысындағы Львов қаласына барып, Польшамен шекарада ұзақ уақыт кептелісте тұруға мәжбүр болған.