Ссылки доступа

Таулы Бадахшан белсенділері тәжік билігіне бес талап қойды


Гражданские активисты ГБАО
Гражданские активисты ГБАО

Таулы Бадахшан автономиялы облысындағы азаматтық қоғам өкілдері тергеу тобымен бірге жұмыс істеуден бас тартып, билікке бірнеше талап қойды.

Таулы Бадахшандағы жағдайды бірлесіп реттеу үшін құрылған "Комиссии 44" мүшелері сейсенбі күні талаптарын тергеу тобының жетекшісі Мансұр Хакимзадеге тапсырды. Аймақ белсенділері жазған хаттың көшірмесі 19 қаңтарда Озоди радиосының редакцияна түсті. Билік әзірге "Комиссии 44" талаптарына жауап берген жоқ.

Белсенділер 2021 жылғы 25-28 қарашада болған оқиғаны тергеу тобының біржақты қарастыруын доғаруды талап етті. Бұл тергеу қарапайым азаматтардың әрекеттерін ғана көріп, үш адамның өліміне, 17 адамның жаралануына кінәлілерді анықтағысы жоқ.

Азаматтық қоғам өкілдері Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Таулы Бадахшан бойынша басқармасының басшысын қызметтен алуды, бейбіт халыққа оқ атқандарды тұтқындауды, Хорош милициясының басшысының үстінен жалған мәлімет бергені үшін қылмыстық іс қозғауды талап етті.

Хатқа аймақтың 13 белсендісі қол қойды.

Хорог пен Тавдемдегі оқиғаларды зерттеу жөніндегі тергеу тобы 9 желтоқсанда Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон тапсырмасымен құрылған. Оның құрамына құқық қорғау органдарының 20 қызметкері және Таулы Бадахшан автономиялы облысы азаматтық қоғамының алты өкілі кірген.

XS
SM
MD
LG