Аты-жөнін көрсетпеуді сұраған блогерлердің бірі тыйым Өзбекстанның мемлекеттік қауіпсіздік қызметінен түсіп жатқанын жеткізді.
– Мен өз каналыма Қазақстандағы оқиға бойынша 2-3 видеоролик жайғастырғам. Кейін маған ақпарат және байланыс агенттігінен хабарласып, видеоларды өшіруді сұрады, - деді өзбекстандық блогер.
Тағы бірқатар белсенділер Қазақстандағы оқиғалар жөнінде жазылған посттар үшін анонимді профилдерден қорқытып жатқанын хабарлады.
"Өзбектер қашан оянады?!" деген тақырыпта пост жазған белсенділер ішкі істер органдарына шақырылған.
– Бұл пост үшін маған "Мұндай қорқынышты нәрсе жазбаңыз, қазақтар жайында жазбаңыз, байқап жүріңіз" деп айтты. Одан кейін тілхат жаздырып алды. Мен Қазақстандағы оқиғалар жайында жазбау жайында уәде бердім, - деді блогердің бірі.
Өзбекстанның мемлекеттік ақпарат құралдары Қазақстандағы оқиғалар жөнінде тек шектеулі мәлімет беріп жатыр.