Ссылки доступа

Өзбекстан Ауғанстанға тағы да гуманитарлық көмек жіберді


23 желтоқсанда Өзбекстан үкіметі Ауғанстанға гуманитарлық көмегінің тағы бір партиясын жолдады.

"Азық-түлік, киім-кешек және көмір тиелген 63 вагоны бар тағы бір пойыз Термездегі Айритом шекара бекеті арқылы Ауғанстанның Мазари-Шариф қаласына жөнелтілді", - делінген Сұрқандария облысының әкімдігі таратқан мәлімдемеде.

Бұның алдында, 14 қыркүйекте, Өзбекстан Ауғанстанға 1300 тонна гуманитарлық көмек берген. Онда да азық-түлік, дәрі-дәрмек және киім-кешек болды.

15 желтоқсанда БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасы екі жүк көлігіне тиелген алғашқы көмекті Термез арқылы Ауғанстанның Мазари-Шариф қаласына жөнелткенін хабарлаған.

Қазан айының ортасында БҰҰ Ауғанстанға арналған гуманитарлық көмегін Өзбекстан арқылы жолдайтыны мәлім болды.

XS
SM
MD
LG