Жас отбасы Самарқанд облысының прокуратурасын істі жылы жауып қоюға тырысты деп айыптады. Алайда прокуратурадағылар бұны жоққа шығарып отыр.
2021 жылғы 15 шілдеде Розагүл Коканова Самарқандағы жекеменшік перзентханалардың бірінде өлі бала босанған.
Мамандығы дәрігер Куконова сәби "дәрігерлердің біліксіздігінен шетінеді" деп есептейді.
Ана қалалық прокуратураға шағымданған. Тәуелсіз сараптама кезінде "нәрестенің кейбір ішкі мүшелері жоқ" екені анықталған. Бірақ Самарқанд қалалық прокуратурасы қылмыстық іс қозғаудан бас тартқан. Прокуратурадағылар іс қозғауға негіз жоқ деп отыр.
Өзбекстан бала өлімі көрсеткіші өте жоғары елдердің тізімінде тұр. ЮНИСЕФ мәліметінше, Өзбекстанда 5 жасқа дейін қайтыс болған балалардың 57 пайызы дүниеге келген алғашқы 28 күнде шетінеген.