Ссылки доступа

Өзбекстанда мемлекеттік қызметте туыстарынан бөлек, құдаларымен бірге жұмыс істеуге тыйым салынбақ


Өзбекстанның Коррупцияға қарсы күрес агенттігі Еңбек кодексіндегі "Туыстардың мемлекеттік мекемелерде бірге жұмыс істеуіне шектеу" туралы заңға өзгерістер енгізілетін заң жобасын әзірлеп шыққан.

Оған сәйкес, туыстардың, құдалардың бір мемлекеттік мекемеде бір-біріне қарасты қызметтер істеуіне тыйым салынады. Осыған дейін шектеу тек жақын туыстары үшін ғана болған.

Ұсынылып жатқан өзгерістерге сәйкес, мемлекеттік қызметкер туысымен бір мекемеде істеп жатқанын білгеннен кейін 10 күн ішінде жетекшісіне мәлімет беруі тиіс. Бұл талап орындалмаса, 375-500 доллар көлемінде айыппұл салу қарастырылған.

Егер қызметкер бұл туралы мәлімет бергеннен кейін басшылық олардың біреуін басқа қызметке ауыстырмаса, оған 600-750 доллар көлемінде айыппұл салынады.

XS
SM
MD
LG