Куәгерлердің айтуынша, таңертең ауданда құмды дауыл болған. Сол кезде әкімдік ғимаратының шатыры жұлынып түскен. Абырой болғанда, адамдар зардап шекпеді, деп хабарлады жергілікті әкімдік.
Құмды дауылдан электр желілері жұлынып, аудандық салық инспекциясы ғимаратының шатыры ұшып түскен, сонымен бірге айданда тағы бірнеше үй шатырсыз қалған.
Жергілікті әкімдіктің хабарлауынша, шатыры бүлінген ғимараттар 7-8 жыл бұрын салынған, бұған дейінгі дауылдарға төтеп берген.
Бейсенбі күні Ташкентте де құмды дауыл болды. Ғимараттардың бүлінгені туралы мәлімет бар. Бірнеше адамның тынысы тарылып, олар ауруханаға жүгінді.