Ссылки доступа

Қазақстан 1 қарашадан бастап жеті үлкен жолды ақылы етті (видео)


В Казахстане сделали платным проезд по семи дорогам. Как это будет работать и сколько стоит?
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:59 0:00

1 қарашадан бастап Қазақстанда республикалық маңызы бар үлкен жолдар ақылы болды. Ең қымбат тариф жүк көліктеріне енгізілген.

Мәселен, Нұр-Сұлтан – Павлодар жолында жеңіл көлік жүргізушілері бір доллар төлесе, жүк көлік жүргізушілері 20 есе қымбат төлейді. Балама жол жоқ.

"Ақылы жол енгізу әлемдік тәжірибеге сүйенгенде, дұрыс шешім. Біз сияқты жері ауқымды елде жолдарды тек бюджет есебінен жөндей беру мүмкін емес. Бұдан бөлек Қазақстан транзит арқылы пайда табуы керек", - деген ел президенті Қасым-Жомрт Тоқаев.

Биыл маусым айында қазақ билігі ақылы жол енгізуге дайындалып жатқан кезде, ұзақ жолға жүк таситын жүргізушілер наразылық акциясына шығып, алдымен жол сапасын жөндеуді талап еткен. Олар сонымен жол бойында қызмет ету сервистерінің жоқ екенін айтып шағымданған.

Экономист Айдар Алибаев жолдарды ақылы ету елде азық-түлік бағасының қымбаттауына әкелді дейді. Оның сөзінше, бүгінде жүк көлігі тасымалы көбейген. Ұзақ жол жүруден көп шығын кетеді дейді сарапшы.

"Премьер-министр Асқар Мамин үкіметте азық-түлік бағасын қалай тоқтатуға болады деген жиналыс өткізеді. Одан кейін бірден жолдарды ақылы ету мәселесін көтереді. Ал азық-түліктің өсуіне осы ақылы жолдар себепкер болып отыр", - дейді Айдар Алибаев.

Жолдарды ақылы ету арқылы Қазақстан қазынасына қанша қаржы түсетіні әзірге белгісіз. Бірақ кейбір жерлерде әлі ақша төлейтін терминалдар орнатылмаған. Сол себептен, ақылы жолдарды енгізу екі аптаға шегерілді.

XS
SM
MD
LG