Ссылки доступа

Тәліптер Бадахшанда есірткінің заңсыз айналымымен күресетін жасақ құрды (видео)


Тәліптер Ауғанстанның Бадахшан провинциясында есірткінің заңсыз айналымымен күресетін әскери жасақ құрды. Бұл туралы Азаттық радиосының ауған қызметіне провинцияның вице-губернаторы Нисор Ахмад Ахмади хабарлады. Бадахшан провинциясы Тәжікстанмен, Қытаймен және Пәкістанмен шектесіп жатыр.

"Талибан" қозғалысының өкілдері ауған есірткісі Орталық Азия елдері арқылы әлемнің басқа да елдеріне тарайтынын растады.

Жаңадан құрылған жасақ аймақ қауіпсіздігін қорғап, есірткінің заңсыз айналымымен күреседі, деді провинция вице-губернаторы Нисор Ахмад Ахмади.

Ол есірткінің ауған-тәжік шекарасы арқылы өткізу оқиғалары жиі болатынын айтты. "Біздің ортақ шекарамыз арқылы есірткі заңсыз тасымалданатынын жоққа шығара алмаймын", - дейді "Талибан" шенеунігі.

Бұның алдында Ауғанстанның уақытша өкіметінің ресми өкілі Забиулла Муджахид жаңа билік ескірткінің шетелге тарату жолдарының бәрін жояды деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG