Ресми мәліметке сәйкес, "Халықтық демократиялық партиядан" Максуда Варисова 6,6%, "Ұлттық жаңғыру партиясының" лидері Алишер Кодиров 5,5%, "Экологиялық партиядан" Назрулло Обломурадов 4,1%, "Әділет" партиясынан Бахрам Абдухалимов 3,4% алған.
Өзбекстандағы президент сайлауына сайлаушылардың 80 пайыздан астамы келіп, дауыс берген.
Өзбекстан билігі оппозиялық үш партияның тіркелуіне, президент сайлауына кандидатын ұсынуына рұқсат бермеді.
Өзбекстан 1991 жылы тәуелсіздік алғалы алтыншы рет президент сайлауын өткізіп отыр.
Мирзияв президенттік алғашқы мерзімі аяқталуға жақындағанда Өзбекстанды 27 жыл үздіксіз басқарып, 2016 жылы қайтыс болған Ислам Каримовтың авторитарлық әдеттеріне оралып жатыр деген пікірлерді жоққа шығаруға тырысқан.
Орталық сайлау комиссиясының жексенбі, кешкі сағат 20-дағы мәліметіне қарағанда президент сайлауына 16 миллионнан астам адам дауыс берген. Сайлаушылар тізімінде барлығы 20 миллионға жуық адам бар.