"Түркіменстан президентінің денсаулығы нашарлап кеткені туралы бірқатар БАҚ таратқан ақпарат шындыққа сәйкес келмейді" деп мәлімдеді түркімен елшілігі.
Бердымухамедовтің комаға түскені туралы ақпарат 21 қыркүйекте бірқатар ресейлік Telegram-каналдарында пайда болған.
20 қыркүйекте Түркіменстанның мемлекеттік арналары Бердымухамедов видеобайланыс арқылы қатысқан үкімет отырысы жайында хабар таратқан.
Түркіменстан президентінің денсаулығы нашарлап кеткені туралы алып-қашпа әңгімелер осыған дейін де пайда болған. Оған президенттің көп уақыт көпшілік алдына шықпай қалғаны себеп болған.
Қазір Түркіменстан тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына дайындалып жатыр.