Ақпаратқа қарағанда, олар Украинада жасырынып жүрген қырғызстандық Махмуджон Холдаров атты азаматпен интернет арқылы байланысып, оның идеялық ықпалымен экстремистік әрекеттермен айналысқан.
"Олар халық арасында "Хизб-ут тахрир" ұйымының материалдарын және Холдаровтың лекцияларын тыңдап, оның тапсырмасымен қатарына жаңа мүшелер тартқан. Бұдан бөлек олар тұрақты негізде Өзбекстанда халифат құру идеясын насихаттап келген", - делінген мәлімдемеде.
Олар тұрған үйге тінту жүргізген кезде ұялы телефондарынан "Хизб-ут тахрир" ұйымының экстремистік бағыттағы материалдар мен әдебиеттер табылған.
16 қыркүйекте Ташкенттің Алмазар ауданында "Хизб-ут тахрирдің" қызметіне араласқан 10 адам ұсталғаны хабарланған.
Қыркүйектің басында Өзбекстанның ішкі істер министрлігі Ташкент облысында "Хизб-ут тахрир" ұйымының идеяларын насихаттау айыбымен 29 әйелдің ұсталғанын мәлімдеген.