Ссылки доступа

Қырғыз депутаттары он жыл жұмыс істеген ұстаздарға 1 миллион сомнан беруді ұсынды


Қырғыз депутаттары Абдывахап Нұрбаев пен Жанарбек Ақаев "Ұстал мәртебесі туралы" заңға өзгерістер ұсынды. Құжат Жогорку Кенеш сайтында қоғам талқылауына ұсынылды.

Заң жобасында республикалық немесе халықаралық олимпиадада жеңіске жеткен оқушыны тәрбиелеген мұғалімге үш айлық көлемінде сыйақы берілетіні айтылған.

Сонымен бірге жалпы білім беретін мектепте кем дегенде он жыл істеген ұстазға бір миллион сом (шамамен 12 мың доллар) төлеу ұсынылды.

Сыйақы беру тәртібін министрлер кеңсесі анықтайды делінген.

Депутаттардың айтуынша, Қырғызстанда мұғалімдердің орташа айлығы 13 мың 843 сом, жалақының аздығынан көпшілігі мамандық ауыстыруға мәжбүр.

Бұған дейін хабарланғандай, Қырғызстан мектептеріне 2 мың ұстаз жетіспейді.

XS
SM
MD
LG