Ссылки доступа

Германия Өзбекстанға коронавирустан емдейтін дәрі жіберді


2 қыркүйекте кешке Германиядан Өзбекстанға коронавирустан емдейтін Казиривимаб/Имдевимаб препаратының 10 000 дозасы гуманитарлық көмек ретінде жеткізілді. Бұл туралы Өзбекстанның денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Жүктің жалпы құны - 20,6 млн евро. Гуманитарлық жүкті Ташкент әуежайында медицина қызметкерлері мен дипломаттар күтіп алды.

Министрліктің мәліметінше, дәріні швейцариялық Roche компаниясы әзірлеген. Препарат - COVID-19-ға қарсы "антидене сусыны" іспеттес, вирустың жаңа штаммдарымен күресе алатын жалғыз дәрі.

"Зерттеулер препараттың коронавирус жұқтырғандардың ауруханаға жатуы мен өлім көрсеткішін 70 пайызға төмендететінін көрсетті", - делінген денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдемесінде.

XS
SM
MD
LG