Биыл маусым айында "алаяқтық" бабымен күдікке ілінген әйел уақытша тергеу абақтысына жабылған. Ол 21 маусымда түнгі 11 шамасында өзін абақты басшысы алдына апарғанын айтады. Әйел мекеме басшысы тарапынан сегіз күн зорланғанын жеткізген.
Бұл оқиға бойынша Жызақ өлкесінің прокуратурасы әйелді зорлау бойынша тергеу ісін бастағанын мәлімдеді.
Әйелді зорлады деген күдікті қызметінен алынып, оның орнына жаңа басшы тағайындалғаны белгілі болды.