Қазір өрт аумағы 21 гектарға жеткен.
Құрғақ шөп өртенген Бәйтерек ауданының Трекино және Володарка ауылдары Орал қаласынан 15 шақырым жерде орналасқан.
Құтқарушылар өрт аумағында ойнап жүрген тоғыз баланы және бір ересек адамды құтқарып қалған. Оқиға орнына тағы 31 құтқарушы жіберілген.
Әзірге өрттің себебі күннің ыстығынан деген болжам айтылып жатыр.
"Жаз өте ыстық болып жатыр, оның үстіне ыстық жел жалынды бірден таратып әкетеді. Орманшылар қазір аз. Олар құрғақ шөпті тазалап үлгермейді. Тағы бір фактор — Орал өзені тартылып жатыр. Талдар қурап жатыр,- дейді "Жасыл майдан" қозғалысының өкілі Злата Удовиченко.