Өзбекстанның санитария және эпидемиология жөніндегі қызметі мен Мемлекеттік сынақ орталығы осындай шешім қабылдады.
Коронавирус жұқтырған, ыстығы көтерілгені үшін емтиханға жіберілмегендер екі апта ішінде сынақ тапсырады. Олар covid@dtm.uz электронды поштаға онлайн-өтініш жолдауы керек.
Ел қатарлы емтихан тапсыра алмаған абитуриенттер үшін сынақ бір мәрте ғана ұйымдастырылады.
Бұған дейін хабарланғандай, Өзбекстанның жоғарғы оқу орындарына 2021-2022 оқу жылына студенттер қабылдауға арналған емтихандар 5 тамызда басталды.