Көмек Маңғыстау мен Түркістан облысында құрғақшылықтан көбірек зардап шеккен шамамен 6 мың адамға беріледі. Бұл туралы Еуроодақтың Қазақстандағы өкілдігі хабарлады.
Маусым айынан бастап Маңғыстау және Қызылорда облысында құрғақшылық болып, малдың қырылып жатқаны хабарланған еді.
"Құрғақшылықтың салдарынан табиғи су қоймалары тартылып, жайылымдық жерлер мен суаттар азайған. Нәтижесінде малмен жан бағып отырған көптеген отбасының малы қырылды. 70 мыңнан астам адам зардап шеккен, көбі кірісі малға тәуелді ұсақ фермерлер. Ақпаратқа қарағанда, зардап шеккендердің 84 пайызы Маңғыстау облысында тұрады" делінген хабарламада.
Онда аталған көмек Еуроодақтың Қызыл ай мен Қызыл жарты ай ұйымдарының (IFRC) табиғи апат кезінде көмек беру қорына (DREF) қосқан үлесі екені атап көрсетілген.
Бұған дейін қуаңшылыққа байланысты Қызылорда облысы Арал ауданында төтенше жағдай жарияланған еді.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің шілдедегі мәліметінше, Маңғыстауда мыңнан астам, Қызылорда облысында 500-ге жуық мал басы шығын болған.
Шілде айының ортасында қуаңшылықпен күрес үшін үкімет резервінен Маңғыстау облысына – 1,9 млрд теңге, Қызылорда облысына 1,7 млрд теңге бөлінгені хабарланды.