Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 2 тамызда қызметкерлерді екпе салуға міндеттейтін заңға қол қойды.
"Азаматтардың денсаулығы туралы" заңның 28-бабына нақты ереже енгізілді. Ол бойынша, Өзбекстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері адамзатқа қауіпті жұқпалы аурулардың таралуын болдырмас үшін тұрғындарды екпе салуға міндеттей алады.
Өзбекстан президенті қол қойған құжатты Олий Мажлис 27 шілдеде қабылдаса, Сенат оны 31 шілдеде мақұлдады.