Оның сөзінше, екі жыл бұрын әкелінген балалар мектеп-интернатта оқып жатыр. Бірақ олардың қашан туыстарына берілетіні белгісіз.
"Қазір тиісті мекемелер бұл мәселені шешіп жатыр", - деді Мижгоан Бобожонзода.
Құқық қорғаушы Үмүт Бобозода балалардың мемлекет қамқорлығында болғаны жақсы дейді.
"Балалар соғыс жүрген аумақтан келді. Олардың басынан көп қиындық өтті. Олар тәжік тілін білмейді. Қазір үйреніп жатыр", - деді ол.
Расталмаған ақпарат бойынша, балалар туыстарына Тәуелсіздік мейрамынан кейін қайтарылады.
2019 жылдың 30 сәуірінде Ирактағы соғыс аймағынан 84 тәжікстандық жеткізілген.
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон 9 сәуірде Сириядан 500 тәжікстандық әйел мен бала қайтарылғанын мәлімдеген.