Ссылки доступа

Лавров: Ресей Тәжікстанды қорғау үшін әскери базасын пайдалануға дайын


Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров

Ресей одақтастарын Ауғанстаннан келетін қауіп-қатерден қорғау үшін барлық әрекеттерді іске қосады. Осылай деп өлкенің сыртқы істер министрі Сергей Лавров тәжік-ауған шекарасындағы жағдай туралы пікірін білдірген кезде айтты.

"Біздің одақтастарымызға төнетін қандай да бір агрессивті қадамдар болса, барлық әрекеттерімізбен көмектесуге дайынбыз, оның ішінде тәжік-ауған шекарасын қорғауда ресейлік әскери базаны қолданамыз", - деді Лавров.

Лавровтың сөзінше, бір күн бұрын тәжік-ауған шекарасына барған Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымының (ҰҚКҰ) хатшылығы өкілдері ондағы жағдайға баға беріп, мәлімет берді.

6 шілдеде ҰҚКҰ бірлескен штабының басшысы, генерал-полковник Анатолий Сидоров шағын топпен тәжік-ауған шекарасындағы жағдайды бағалау үшін Тәжікстанға барған.

Осыған дейін "РИА Новости" агенттігі тәжік Ұлттық қауіпсіздік қызметіндегі дереккөздеріне сілтеме жасап, тәлібтер Тәжікстанмен шектесетін 1430 шақырым жердің 70% астамын басып алғанын жазған.

Тәжік президенті шекараны қорғау үшін қосымша 20 мың әскерді жұмылдыруды тапсырған.

XS
SM
MD
LG