Ссылки доступа

Әлемге өрік экспорттаушы Өзбекстан биыл жемісті Тәжікстаннан алады


Жеміс-жидек нарығын бақылайтын EastFruit басылымы мамандарының хабарлауынша, 2021 жылы Өзбекстан әлем елдеріне өрік экспорттауын күрт азайтқан.

Басылым мәліметіне қарағанда, биыл Өзбекстанның ішкі нарығында өрік қымбат, көрші Тәжікстан өрігі одан әлдеқайда арзан. Сол себепті өзбектер биыл өрікті көрші елден импорттайды.

Сарапшылар бұны Өзбекстанда биыл көктем салқын болды деп түсіндірген. Ақпанның аяғы мен наурыздың ортасында Өзбекстанда өрікті үсік шалған. Соның кесірінен республикадағы өрік ағаштарының кем дегенде 60-65 пайызы жеміс салмаған.

Басылымның хабарлауынша, былтыр Өзбекстан 74,5 мың тонна өрік өндірген. Ал 2017 жылы бұл көрсеткіш бар болғаны 23 мың тонна болған.

2020 жылы Өзбекстан әлемде өрік экспорты бойынша Испаниядан кейінгі екінші орынға көтерілді. Былтыр Испания әлем нарығын 96 мың тонна өрік шығарды.

EastFruit сарапшылары биыл Түркия өрік экспорты бойынша бірінші орынға көтерілуі тиіс.

XS
SM
MD
LG