Өлкенің Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарайтын "Шегірткеге қарсы күрес бойынша экспедиция" мекемесінің мамандары биыл өлке бойынша шегіртке қаптаған жердің жалпы аумағы 115 мың гектарға жетуі мүмкін екенін ескертті. Олардың айтуынша, бұл былтырғымен салыстырғанда 13 мың гектарға көп болады.
"Қазір ауыл шаруашылығы жерлеріне дәрі себіліп жатыр. Шегірткеге қарсы күресте ондаған техника, аэрозоль станокторы және басқа құралдар тартылды", - деді мекеме жетекшісінің орынбасары Ахмаджон Муминжонов.
25 мамырда өлке президенті Эмомали Рахмон шегіртке көп қаптап жатқан Хатлон облысындағы Пянж ауданының жетекшісімен телефон арқылы сөйлесіп, ауыл шаруашылығы жерлерін дәрілеуді күшейту жөнінде тапсырма берген.
Шегірткелер тәжік диқандарына қанша зиян әкелгені жөнінде ресми статистика жоқ. Өлкенің ауыл шаруашылығы саласы жыл сайын көктем және жаз мезгілінде шегірткелерден зиян шегіп келеді.