Мемлекет басшысының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Сапаров Сочиде Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөз жүргізеді. Президенттер екі ел әріптестігінің өзбекті мәселелерін талқылайды.
"Аймақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді", - делінген ресми мәліметте.
Мәліметтерге қарағанда, Қырғызстанның ресми делегациясының құрамында сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаев, президент әкімдігінің өкілі Дастан Дюшекеев, сонымен бірге қырғыздың Ресейдегі елшісі Гүлнара-Клара Самат бар.
Бұған дейін хабарланғандай, Жапаров пен Путин қырғыз-тәжік шекарасындағы тұрақтылық секілді аймақтағы өзекті мәселелерді талқылайды деп жоспарланған.
Еске салайық, 8 мамырда Владимир Путин Мәскеуде Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен кездесіп, тәжік-қырғыз шекарасындағы оқиға жөнінде әңгімелесті.
28-30 сәуірде Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы шекарада қарулы жанжал болып, ондаған адам қаза тапты.