Ссылки доступа

Канада Құмтөрге қатысты: Бұның Қырғызстанға инвестиция тарту мәселесіне кері әсері болады


Канаданың сыртқы істер министрлігі мен Халықаралық сауда және шағын кәсіпкерлік министрлігі Қырғызстанның Құмтөр алтын кені төңірегіндегі жанжалға қатысты бірлескен мәлімдеме таратты.

Мәлімдемеде Канада маңызды инвестициялық әріптесі саналатын Қырғызстандағы жағдайға алаңдап отырғанын айтты.

"Біз Қырғызстан парламентінің 17 мамырда кезектен тыс жиналыста қабылдаған шешіміне өкіндік", - деп мәлімдеді екі министрліктің басшылары.

Жогорку Кенеш "Құмтөр Голд Компаниге" сырттай басқару енгізу туралы шешім қабылдаған. Мемлекеттік алтын кенін басқаруы үш айға созылады.

Биыл 7 мамырда Бішкектің Октябрь аудандық соты "Құмтөр Голд Компаниді" мемлекетке 261 млрд 719 млн сом төлеуге мәжбүрлеу туралы шешім шығарды. Қырғыз үкіметі компанияның өндіріс қалдықтарын мұздықтарда қалдыруына айыппұл салған.

"Құмтөр Голд Компани" қожайыны Centerra Gold Inc. Қырғызстан билігінің шешімдерін "алтын кенін мемлекет меншігіне қайтаруға талпыну" деп бағалады. 16 мамырда канадалық инвестор Қырғызстан үкіметіне қарсы төрелік сотқа шағым түсірді.

XS
SM
MD
LG