Ссылки доступа

Ауғанстандағы тәліптер Рамазан мерекесіне байланысты үш күн атысты доғаратынын жариялады


Афганские военнослужащие и боевики "Талибан" приветствуют объявление прекращения огня в связи с праздником Рамазан. 16 июня 2018 года.
Афганские военнослужащие и боевики "Талибан" приветствуют объявление прекращения огня в связи с праздником Рамазан. 16 июня 2018 года.

Ауғанстандағы "Талибан" қозғалысы мұсылмандардың Рамазан мерекесіне байланысты үш күн атысты доғаратынын жариялады.

"Талибанның" Катардағы саяси кеңсесінің ресми өкілі Мұхаммад Наимның мәлімдеуінше, содырларға айт мерекесі күндері атысты доғару туралы бұйрық берілді. Дегенмен "Талибан" үкімет күштерінің шабуылдарына жауап беруі мүмкін екенін ескертті.

Ауғанстан президентінің аппараты әзірге тәліптердің атысты доғару туралы мәлімдемесіне қатысты жауап бермеді. Алайда Ауғанстанның ұлттық бітім жөніндегі жоғарғы кеңесі "Талибан" шешімін құптайтынын мәлімдеді. Кеңесті Абдулла Абдулла басқарады.

Екі күн бұрын Кабулдағы мектептердің бірінде жарылыс болып, кем дегенде 68 адам қаза тапты. Олардың дені - оқушы. 165-тен астам адам жараланған. Шабуыл жауапкершілігін ешқандай ұйым мойнына алған жоқ.

Ауғанстан президенті Ашраф Гани 11 мамырда ұлттық аза тұту күнін жариялады.

XS
SM
MD
LG