"29 сәуірде ауызашардан кейін қызым дүкенге кеткен. Жолда оны үш адам күшпен көлікке отырғызып, белгісіз жаққа алып кеткен. Оқиғаға куә болған адамдар бар. Дереу Қоқан қаласы және Ферғана облыстық ішкі істер басқармасына шағымдандық. Оларға қызды алып кеткен көліктің нөмірін ғана емес, олардың қай жерде жасырынып жүруі мүмкін екенін де айтып бергенбіз. Бірақ олар ешқандай әрекет еткен жоқ. Мен бір апта бойы милиция бөлімінен кетпей отырып алғаннан кейін ғана қызымды 7 мамырда тауып, алып келді", - дейді қыздың анасы.
Оның сөзінше, қызын ұрлап кеткендердің бірі осыған дейін түрмеде отырып, жақында ғана бостандыққа шыққан.
– Ол екі танысымен қызымды Наманганга ұрлап әкеткен. Ол өте қауіпті адам. Адам өлтіруден тайынбайды. Бірақ соған қарамастан еркіндікте жүр. Милиция бөлімінде қызыма "ешкім зорламады, көлікке өз қалауыммен отырдым" деп тілхат жазып алыпты. Қызым қорқытқаннан кейін жазуға мәжбүр болған", - дейді қыздың анасы.
Қоқан қалалық ішкі істер басқармасы бұл оқиға бойынша сот-медициналық сараптама дайындайтынын жеткізді.
Қалалық милиция бөлімінің өкілі "Озодлик" радиосының қызметкерлерінен ұрланған қыз туралы сұрақ қойғаннан кейін дереу телефон тұтқасын тастай салған.
Өзбекстанда "Адам ұрлау" бабымен сотталғандар үш жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан ажырату жазасы қарастырылған. Кәмелетке толмағандарды ұрлау бойынша он жылға дейін, 18 жасқа жетпеген жеткіншектерді зорлағаны үшін 10-15 жылға дейін түрме жазасы бар.