Ссылки доступа

Uzbekistan Airways 17 ұшағын сатуға қойды


Uzbekistan Airways әуе компаниясы бес Boeing, бес Ил 76 және жеті Ил 114-100 ұшағын сатуды жоспарлап жатыр. Бұл туралы президенттің бұйрығымен бекітілген әуе компаниядарды трансформациялау процесін тездету бойынша "Жол картасында" жазылған.

Соған сәйкес, Uzbekistan Airways жыл соңына дейін Airbus A321neo LR үлгісіндегі екі ұшақты, кейінгі жылы үш A321neo ұшағын жалға алу қарастырылған. Сонымен бірге жыл соңына дейін төрт A320 ұшағын толық эконом-классқа (full economy) өткізіп, қызмет көрсету ақысын 20-25% төмендету көзделген.

Бұдан бөлек әуе компания Uzbekistan Helicopters компаниясы үшін төрт Airbus (екі H125 және екі H130) тік ұшағын сатып беріп, енді тағы бір Ми-8 тік ұшағын сатпақ.

XS
SM
MD
LG