Al Arabia каналының хабарлауынша, екі ел арасындағы келісім Судан заң шығару органы бекіткенге дейін тоқтаған. Хартум бұл жөнінде Мәскеуге ескерткен.
Былтыр қараша айында Ресей Судан аумағында, Қызыл теңіз жағасында әскери-теңіз флотын техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету бекетін ашуды жоспарлап отырғанын мәлімдеген. Бұл жобаны 2019 жылы әскери төңкерістен кейін орнынан кеткен Суданның бұрынғы президенті Омар әл-Башир қолдаған. Ол АҚШ агрессиясынан қорғану үшін керек деп мәлімдеген.
2020 жылы Михаил Ходорковскийдің "Досье" зерттеу орталығы мен The Guardian британ басылымы әл-Баширдің кеңесшілері ресейлік бизнесмен Евгений Пригожинге қатысы бар саяси технологтар болды деп хабарлаған.
АҚШ қаржы министрлігіндегі "қара тізімде" Евгений Пригожиннің аты-жөні бар. АҚШ мәліметі бойынша, Пригожин Ресейдегі Вагнера жекеменшік әскери компаниясын қаржыландырады.