"Біз де олар сияқты он қызметкерді шығарамыз, оның үстіне біздің ішкі ісімізге шынымен араласқан компанияларға тағатын кінәміз жеткілікті. Оларға қатысты да лайықты шаралар қолданылады" деді ол.
Оның айтуынша, бұл "халықаралық ахуалды жақсартпайды", бірақ Ресей сонда да мұндай қадамға баруға мәжбүр. "Әрине, Америкадағы русофобия лоббиі машинасын тоқтатпақ емес" деді Чепа.
"АҚШ-тағы 2020 жылғы президент сайлауына ықпал етуге тырысқаны үшін және жалған ақпарат тарату әрекеті үшін" Вашингтон Ресейдегі 32 заңды және жеке тұлғаға жаңа санкция салғанын 15 сәуірде жариялаған. АҚШ президенті Джо Байденнің жарлығымен Ресейдің Вашингтондағы елшілігінде жұмыс істейтін он қызметкерді шығарып жіберу көзделген.
Мұның алдында Ресей президенті Владимир Путиннің көмекшісі Юрий Ушаков АҚШ елшісі Джон Салливанға Америка жаңа санкция салуды тоқтатуы керектігін, болмаса Ресей "батыл қадамға баруға" мәжбүр болатынын айтқан.