Ссылки доступа

Тәжікстанда "Мұсылман ағайындар" ұйымына қатысы бар деген айыппен 117 адам 23 жылға дейін сотталды


Тәжікстанның Жоғарғы соты 9 сәуірде "Мұсылман ағайындар" ("Ихвон-ул-муслимин") террористік ұйымына қатысы бар деп айыпталған 119 адамға үкім шығарды.

117 адам 5 жылдан 23 жылға дейін бас бостандығынан айырылса, екеуіне айыппұл салынған. Тәжік ұлттық университетінде оқытушы болған Египет азаматы Мұхаммад Баюми 23 жылға сотталған. Тергеу мәліметіне сәйкес, ол ұйымды басқарған.

Университеттің тағы бір оқытушысы 7 жылға бас бостандығынан айырылса, діни уағызшы Исмоил Каххоровқа 15 жылға сотталған. Қалған айыпталушылар бес жылға дейін түрме жазасына кесілген.

Олардың бәріне "экстремистік ұйымға мүше болды", "экстремистік іс-әрекеттерді жария насихаттады", "террористік қылмыстарды қаржыландырды" деген баптар бойынша айып тағылған.

Жыл басынан бері ондаған адамның аталған ұйымға мүше болды күдікпен ұсталғаны хабарланған.

2006 жылы Тәжікстанда "Мұсылман ағайындар" ұйымы экстремистік ұйым ретінде тіркеліп, оның қызметіне тыйым салынған.

Ұйымның өзі 1928 жылы Египетте құрылған. Кейін оның жетекшілері билікке келген. Дегенмен бірқатар елдер өз аумағында бұл ұйымның қызметіне тыйым салған.

XS
SM
MD
LG