Құжатта бірде бір мемлекет пандемияны өз бетімен жеңе алмайтынын атап өткен. Сол себептен бастамашылар өзара ақпарат алмасу және профилдік зерттеу нәтижелерімен бөлісуді ұсынған.
Әлем лидерлері COVID-19 вирусы Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең үлкен проблема болып отырғанын, тек бір-бірімен ақпарат алмау арқылы ғана нәтижеге жете алатынын мәлімдеді. Бұдан бөлек вакциналарды шығару және халыққа тездетіп екпе жүргізу маңызды екені айтылған.
Пандемия басталғаннан бері әлемде коронавирус жұқтырғандар 128 миллионнан асып, 3 миллионға жуық науқас қайтыс болды.