Ссылки доступа

Өзбекстанда 1 сәуірден бастап карантин талаптары күшейтіледі


Республиканың арнайы комиссиясы 1 сәуірден бастап карантин талаптарын күшейту туралы шешім қабылдады.

Комиссия шешіміне сәйкес, 1 сәуірден бастап республикада 100 адамнан көп жиналатын шаралар өткізуге тыйым салынады.

Бұған қоса, театрлар мен кинотеатрларда көрермендер медициналық маска тағып жүруі тиіс. Ал залдағы көрермендер 50 пайыздан аспауы керек.

Ойын-сауық бағдарламаларына арналған билеттерде "Деніңіз сау болғанда ғана қойылымға келіңіз" деп жазылуы керек.

Залдарға кіретін жерде кезекті реттейтін арнайы жолақтар тартылуы тиіс.

Залдарда карантин талаптарының толық сақталуына ұйымдастырушылар жауап береді.

XS
SM
MD
LG