Саммит Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен шақырылған.
Жиын соңында Түркістанды Түркі әлемінің рухани астанасы деп жариялайтын декларацияға қол қойылады деп жоспарланған.
Түркі кеңесі 2009 жылы қазанда құрылды. Түркітілдес мемлекеттерді біріктіретін халықаралық ұйым. Мақсаты - түркі елдерінің ынтымағын арттыру. Кеңес құрамына Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан кіреді. Венгрия бақылаушы ретінде қатысады. Ұйым хатшылығы Стамбулда орналасқан.