Ссылки доступа

БАҚ: Джорджияда үш спа-салондағы атыстан сегіз адам қаза тапты


АҚШ-тың Джорджия штатында үш спа-салонда болған атыстан сегіз адам қаза тапты. Күдікті ұсталды.

21 жастағы ер азамат Атланта қаласынан шамамен 240 шақырым жерде қолға түсті, деп хабарлады Чероки округы шериф кеңсесінің капитаны Джей Бейкер.

Бейкердің айтуынша, атыстан негізінен тегі азиат әйелдер қаза тапқан. Капитан мұндай қылмыс жасауға не түрткі болғанын айтпады. Тергеу жүріп жатыр.

Атланта қаласының шетіндегі массаж салонында төрт адам оққа ұшқан. Атланта полициясының хабарлауынша, Атлантадағы Gold Massage Spa салонында үш адамды атып кеткен. Соған жақын маңдағы Aroma Therapy спа-салонында тағы бір адам оққа ұшқан.

Биліктің хабарлауынша, күдікті бейнебақылау камераларының біріне түсіп қалған. Шериф кеңсесі оның суретін әлеуметтік желілерде жариялап, халықтан күдіктіні іздеуге көмектесуін сұраған.

XS
SM
MD
LG