Ссылки доступа

Тәжікстанда блогерлер 1 сәуірге дейін салық органдарына тіркелуі керек


Душанбе қаласының салық басқармасы
Душанбе қаласының салық басқармасы

Тәжікстанның Салық комитеті жергілікті блогерлерді әлеуметтік желілерден және YouTube порталынан түскен кірістерінен салық төлеуге міндеттендірді.

Мекеме басшысы Шамсулло Кабирзоданың айтуынша, елдегі блогерлер 1 сәуірге дейін тіркеуге тұрып, әлеуметтік желілер мен YouTube порталынан түскен кірістері бойынша салық төлей бастауы керек.

"Салық комитетінің қызметкерлері блогерлердің қызметін тексеріп, оларды салық төлеушілердің тізіміне кіргізу керек деген шешімге келген. Бұл тек блогерлерге ғана емес, жеке тұлғаларға да қатысты. Олар жеке парақшалары және каналдары арқылы ірі компаниялардың тауарларын жарнамалап, ақша тауып келеді. Сондықтан салық төлеуі керек. Қателеспесем, бүгінгі күнге дейін төрт блогер салық органдарына тіркеуге тұрды", - деді Кабирзода.

Тәжік блогерлері болса, табыстары көп емес екенін айтып, салық төлей алмағандықтан әлеуметтік желілердегі парақшаларымызды жабуға мәжбүр боламыз деді.

XS
SM
MD
LG