Ссылки доступа

ҰҚШҰ: Терроризм мен есірткі контрабандасымен күресте Тәжікстанға көмек беріледі


Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) бас хатшысы Станислав Зась және Тәжікстан қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Насрулло Махмудзода 17 ақпанда Душанбеде кездесіп, биыл жазда Тәжікстанда ҰҚШҰ хатшылар кеңесінің жиналысын өткізуді талқылады.

Кездесу барысында Тәжікстан ұйымға төрағалық етіп жатқан 2021 жылы атқарылатын істерді талқылаған.

Станислав Зась қазір тәжік-ауған шекара сызықтарын бекіту бойынша ҰҚШҰ-ның мемлекеттер аралық бағдарламасын дайындау және мақұлдау бойынша істер жүріп жатқанын айтты. Бұдан тысқары заңсыз құрылған қарулы күштерге қарсы күрес бойынша "Кобальт-2021" жаттығуын Тәжікстанда өткізу жоспарланғаны айтылды.

Тараптар халықаралық есірткі саудасына қарсы аймақтық “Канал” операциясын өткізу мәселесін де талқылаған.

XS
SM
MD
LG