Министрлер Навальныйдың «саяси астармен» ұсталуын сынап, Ресей билігін адам құқықтарын және халықаралық міндеттерін орындауға үндеді.
Бұған қоса, министрлер Мәскеуді Ресей аумағында химиялық қару қолдануын тексеріп, соған қатысты тұщымды түсініктеме беруге шақырды. Былтыр жазда Алексей Навальныйды Ресейде «Новичок» тобына жататын умен улаған. Ресей химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі Конвенцияға қосылған.
Министрлер 23 қаңтарда Навальный қолдау акциялары кезінде мыңдаған бейбіт тұрғын мен журналистің ұсталуына алаңдап, Ресей билігінен ұсталғандарды тез арада босатуын талап етті.
23 қаңтарда Ресейдің жүзден астам қаласында Алексей Навальныйды қолдау акцисы өтті. Оппозициялық саясаткер биыл 17 қаңтарда ұсталып, келесі күні сот оны отыз тәулікке тергеу абақтысына отырғызды.